|
Израиль билігі палестиналық отбасын тірідей өртеген еврейді бостандықта тайраңдатып қойды
|
Израиль билігі өздері жаулап алған Иордан өзенінің батыс жағалауында (палестиналықтардың атамекені – ред.) палестиналық отбасын тірідей өртеп жіберген еврей келімсегін бостандықта тайраңдатып қойды. Оның қылмысына көзжұмбайлық жасағаны үшін әлем қауымдастығы мен халықаралық ұйымдар тарапынан сынға ұшырады. Үстіміздегі жылдың шілде айының 31-і күні Дубла шағын елді-мекенінде орын алған осы қастандықтың салдарынан бір жарым жастағы Али Сағат Дауабша тірідей жанып кетті. Күйік шалып, емханаға түскен әке-шешесі де көп ұзамай алған жарақатынан қаза тапты. Тек осы отбасынан 4 жастағы Ахмет есімді ұл бала ғана аман қалған болатын. Ол ем қабылдап жатыр. Отбасынан өзінен басқа ешкімнің тірі қалмағанынан әлі хабары жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды