|
Жануарлар әлемі: Зообақтағы маймыл дронды таяқпен ұрып құлатты (видео)
|
Нидерландыдағы хайуанаттар бағының маймылдары төбелерінде ұшып жүрген шағынұшақты таяқпен қағып құлатқан. Дронды жануарлар туралы фильм түсіру мақсатында жергілікті телеарна арнайы ұшырған болатын. Осыған байланысты түсірілім жұмыстары аяқталмай қалды. Бұл жайында Vesti.ru ақпарат көзі хабар таратты. NL Times ақпарат көзінің хабарлауынша, маймылдардың бірі ағашқа өрмелеп, дронды таяқпен құлатып түсірген. Ұшақ бортындағы камераға жазылып қалған видео желіде пайда болды. Онда төбесінде түсініксіз зат ұшып жүргенге мазасы қашқан шимпанзе ағашқа шығып алып, оны құлатқаны байқалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды