|
Жапония банкінде адам тектес роботтар қызмет көрсетеді
|
Baq.kz порталының The Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда Жапонияның The Bank of Tokyo банкінде адам тәріздес роботтар халыққа қызмет көрсететін болады.
NAO андроидтарының үш саусағы бар. Оларды француздық Aldebaran Robotics SA жасап шығарған. Бойлары 58 сантиметр, салмағы 5,4 келі. Олар банкке келушілердің сауалдарына жауап беріп, 19 тілде сөйлесе алады. Сонымен қатар, адамның көңіл-күйін анықтайтын да мүмкіндіктері бар.
"Мен сіздің валютаңызды алмастыруға немесе ақшаңызды шетелге жіберуге, банктен есепшот ашуға, банкомат жұмысын түсіндіруге көмектесе аламын" дейді робот алғаш келген клиентке.
Басылымның хабарлауынша, алғашқы роботтар жұмысқа ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап шығады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды