|
Жапония туу көрсеткішін арттыру үшін танысу сайтына кіргендерге ақша төлейді
|
Жапонияның Коши префектурасы 20-29 жас аралығындағы тұрғындарға 125 доллар шамасында демеуқаржы бөледі - сертификатталған танысу сайты пайдалануы үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Sankei News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің аталған префектурасы елдегі демографиялық апатқа қарсы, дәлірегі, туу көрсеткішінің төмендеуімен күресу үшін осындай нақты қадам жасап отыр. 20-39 жас аралығындағы тұрғындар 2026 қаржы жылында «неке серіктестерімен танысу сервисінің интернет-сертификатын» алған қосымшаларды пайдаланғаны үшін 20 000 иен (125 доллар) субсидияға ие болады. Осындай сенімді қосымшалардың біріне apple деп аталатын Жапониядағы ең танымал танысу бағдарламасын жатқызуға болады. Басқа префектуралар да осындай субсидияларды ұсынады. Өткен жылы Миядзаки префектурасы танысуға арналған қосымшаларға бір адамға 10 000 йенге дейін субсидия бөлген болатын. International Business Times агенттігінің хабарына қарағанда, мұндай бағдарлама з кезегінде жар іздеуге, танысуға, білісуге кететін уақытта әрі қаржыны үнемдейді. Бұған қоса, жапон жастары Өмірлік қосағын іздеу үшін танысуға арналған қосымшаларға жиі жүгінеді. Жапонияның Балалар және отбасылар істері жөніндегі агенттігі өткізген 2024 жылғы сауалнама нәтижесі көрсеткендей, 39 жасқа дейінгі әрбір төртінші үйленген адам қосымшалар арқылы жұбайымен танысып табысқанын жеткізген. Осы орайда өткен жылы жапон билігі демографиялық кері ахуалдан шығу үшін төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы бастама көтерілгенін айта ктепекпіз. Алайда, бұл бастаманың қаншалықты іске асқаны туралы мәлімет жоқ.