“Қыз-жігіт кездесуі” жоғалып бара жатқандықтан оның орнын танысу агенттіктері алмастырып жатыр
“Қыз-жігіт кездесуі” жоғалып бара жатқандықтан оның орнын танысу агенттіктері алмастырып жатыр
1 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Отбасы институты құндылығының төмендеуіне әрі өмір сүру құнының тым жоғары болуына байланысты жастар шаңырақ көтеруге асықпайды және отбасын құруды өзекті деп санамайды. Оның үстіне, қызға қырындау немесе қыз-жігіт болып кездесуге уақыт тапшы. Күнкөріс қамы, мансап қуу секілді әлеуметтік факторлар алдыңғы орынға шыққан. Осыған байланысты жастардың офлайн кездесуін бүгінде онлайн режимде танысу етек алып келеді. Дегенмен, үйленгісі келетіндер үшін түрлі санатта некелесу ақпараттар нарығы қалыптасып келеді. Оңтүстік Кореяда. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің ұлттық статистикалық портал мәліметінше, 2024 жылғы қараша айындағы дерек бойынша 1 974 отбасылық кеңес беру орталығы болған; бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 22,6% -ға артық (2019 жылғы қараша: 1 610). Бұл үрдіс өткен жылы да жалғасты. Сеулдегі Каннам ауданындағы танымал тұрғын үй кешендері тек осы аудан тұрғындарына арналған некеге қатысты эксклюзивті ақпарат агенттіктерін іске қосты. Сондай-ақ, белгілі бір мамандықтары немесе академиялық білімі бар адамдарды ғана қабылдайтын компаниялар пайда болады. Осы саланың инсайдері: «Бәсекелестік күшейгенімен, жалпы нарық өсті, сондықтан неке туралы ақпаратпен айналысатын көптеген компаниялар қатары артып келеді”, деп хабар таратты. Мұндай құбылыс жас ұрпақтың тиімділік пен ұтымдылыққа басымдық беруге бейімділігінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. «Seonu» неке ақпараттық компаниясының бас директоры Ли У-джин: «Адамдар сынақтар мен қателіктерді немесе сәтсіздіктерді азайту үшін» тексерілген, яғни, сенімді көздерді «іздейді», - деп толықтырды. Бұл неке қиюдағы белгісіздікті азайтуға бағытталған нақты қадам ретінде бағаланады. Неке ақпараты индустриясының мағлұматына қарағанда, 20 жастан басталатын әйелдер тарапынан сұраныс өсіп келеді. Неке ақпаратымен айналысатын инсайдер былай деді: «Ата-аналар тұрмыс құратын жасқа жеткен қыздарын өздері әкелетін бұрынғы үрдіске қарағанда қазіргі уақытта қыздардың көбі ойындағысына сай келетін өмірлік жар табу үшін өз бетінше келетін болған”. Қазіргі қыздар ханзаданы талап етпейді, көбіне әлеуметтік мәртебесі өзінікімен бірдей серік іздейді. Міне, осындай есеппен үміткер тұлғалар белгілі бір деңгейде іріктеуден өтеді. Белгілі бір санатқа жатқызылады. Мұның бәрі өмірлік қосағын іздеген адамның уақытын үнемдеу үшін керек. Сұраныста жоқ үміткерлердің дерегі некеге қатысты ақпараттарға енгізілмеуі де мүмкін.

0 пікір
Мұрағат