|
Жақсылық жасаған кім болды екен?
|
Сан-Францисконың мұсылман жамағатына жанашыр белгісіз біреу қаладағы қоғамдық көліктерге жапсырылған исламға қарсы жалаға толы жарнамаларды алып тастап, оның орнына асыл дінімізді жағымды етіп көрсететін жарнамамен ауыстырған. Бұрын АҚШ-тағы исламофобтар қозғалысының шолақ белсендісі Памела Геллердің мұсылмандарға қарсы насихат жүргізгенімен көзге түскені турасында хабарлаған болатынбыз. Париждегі терактіден кейін аталған шаһарда мұсылмандарға қарсы жарнамалар қаптап кеткен еді. Нақтырақ айтқанда, мұсылмандарға қарсы жарнама жапсырылған осы қаладағы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер саны елуге жеткен болатын. Бұл жайында Aquila Style ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды