|
Жүсіп пайғамбардың қабірін қорғаймын деп қаза тапты
|
Израил жаулап алған Иордан өзенінің батыс жағалауында орын тепкен Наблус елді-мекенінде Гейс Жамин есімді 16 жастағы бозбала израилдік күштік құрылымдар қолынан қаза тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Palinfo дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гейс Жасмин қасиетті Құранда аты аталған әрі мұсылмандар қастер тұтатын Жүсіп пайғамбардың қабіріне бақылау орнатпақ болған заңсыз келімсектерден қорғаймын деп қапияда қыршынынан қиылған. Дәлірегі, мергеннің оғынан мерт кеткен. Марқұмды күллі қала халқы ұлт қаһарманы ретінде ақтық сарапға шығарып салды.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды