|
Жыл басынан бері 2,5 мыңнан аса босқын Жерорта теңізінде қаза тапты
|
Жыл басынан бері 2,5 мыңнан аса босқын Жерорта теңізінде суға батып өлген. Бұл өткен жылғы көрсетішпен салыстырғанда 35%-ға көп. Босқындар үшін транзитке айналған Түркия соғыстан бас сауғалағандарды қабылдап жатыр. Соған қарамастан кәрі құрлыққа бет алған босқындар қарасы азаймай тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі комиссияның болжамына қарағанда, алдағы уақытта босқындар қарасы артпаса, кемімейді. Өйткені, күннің жылынуына байланысты теңіз арқылы қатерлі сапарға шығатындар көбейеді. Аталған теңізде босқындар мыңдап қырылып жатса да. «Жығылғанға - жұдырық» дегендей, алаяқтар босқындардың басындағы мүшкіл жағдайды өз пайдаларына жаратып, бизнес ашып алған. Яғни, босқындарды теңіз асырып, табыс тауып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды