Жыныс ауыстыру насихатына тыйым салынуы мүмкін
Жыныс ауыстыру насихатына тыйым салынуы мүмкін
2 ай бұрын 383 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Евгений Биятов / РИА Новости

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты әрі ақпараттық саясат жөніндегі комитет жетекшісі Александр Хинштейн жыныс ауыстыруға қатысты материалдарға тыйым салуды ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Коммерсант ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, депутат таяуда қабылданған ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды толықтыруды, яғни, бұл тарапта тыйым салынатын азғын істер тізімін ұлғайтуды ұсынды. Қараша айының 21-і күні өтетін дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттауға тыйым салу туралы заң жобаларының екінші оқылымына Александр Хинштейн «трансгендерлерді насихаттауға тыйым салуға қатысты» түзетулерді дайындайды. Парламент мүшесі түсіндіргендей, трансгендерлік ұғым Ресейдің қолданыстағы заңнамасында болмағандықтан, оны «жынысты ауыстыру» ұғымымен алмастыруы әбден мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (ӘҚБК) мұндай үгіт-насихат үшін жаза қарастырылады деп жоспарлануда.

Ұқсас материал:

«ЛГБТ-ны насихаттағандар жауапкершілікке тартылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/lgbt-ny-nasihattagandar-jauapkershilikke-tartylady-17319/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат