Канада парламенті 10 мың ұйғырды қабылдауға бірауыздан дауыс берді
Канада парламенті 10 мың ұйғырды қабылдауға бірауыздан дауыс берді
1 жыл бұрын 1379 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы аптаның орта шенінде Канада парламенті алдыға екі жыл ішінде Қытайдағы азшылықты құрайтын, қытайландыру саясатының құрбанына айналып, қуғын-сүргін көріп отырған ұйғыр азааттарынан 10 мың адамға пана беруді көздейтін заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасына бастамашы болған өкілдер палатасының депутаты Самир Зубери осы елдан пана сұрап келген ұйғыр босқындары мен өзге де түркі халықтарының өкілдері депортацияланатын болса, Қытайда билік тарапынан қысым көретінін мәлімдеді. Парламент қабылдаған заңды ел премьер-министрі мақұлдамауға құқылы, алайда, депутаттар бірауыздан қолдау білдірген бұл бастаманы аяқсыз қалдырмауы мүмкін. «Канада қорғауға мұқтаж жандарға  әрдайым қолұшын созып келеді. Мен барлық партиялардың мүшелерімен Өкілдер палатасы қолдаған шараларды жүзеге асыру үшін жұмыс істеймін», - деді Иммиграция министрі Шон Фрейзер. Сөз орайы келгенде 2021 жылы Канаданың Қытайдағы ұйғыр геноцидін мойындаған алғашқы елдердің бірі болғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат