|
Кәрі құрлықтағы ел шетелден бала асырап алуға тыйым салды
|
Нидерланды азаматтарына шетелден бала асырап алуға толық тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нидерландының құқықтық қорғау министрі Фрэнк Вервинд парламентке осындай шешім қабылдағаны туралы хабарлады. Өткен айда Нидерландының негізгі заң шығарушы органы социалистік партияның «халықаралық бала асырап алуды кезең-кезеңімен тоқтату» туралы ұсынысын мақұлдаған болатын. Шетелден бала асырап алу мәселесі Нидерландыда көптен көкейтесті мәселеге айналған еді. 2021 жылы зорлық-зомбылық туралы хабарламалардан кейін уақытша тоқтағанымен көп ұзамай Болгария, Венгрия, Лесото, Португалия, Таиланд, Тайван, Филиппин және Оңтүстік Африкадан бала асырап алу мүмкіндігі пайда болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды