|
Келесі жылы саудиялық ғарышкерлер ғарышқа аттанады. Оның біреуі - әйел адам
|
Саудия билігі 2023 жылы ғарышқа екі отандық ғарышкерді ғарышқа аттандыруды мақсат ететін өзінің алғашқы ұлттық ғарыштық ұшу бағдарламасын іске қосты. Экипаж құрамында ер адам мен әйел болады. Бұл жайында alhurra.com (اقرأ أيضا) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауд Арабиясының ғарыш комиссиясының мәліметінше, аталмыш бағдарлама ұзақ және қысқа мерзімді ғарыштық ұшуларға, денсаулық сақтау, тұрақтылық пен ғарыштық технологиялар сияқты салаларда ғылыми тәжірибелер мен зерттеулерге білікті үміткерлерді дайындауды көздейді. Сондай-ақ, Саудия алдағы айларда елдің ғарыштық бағдарламалары мен адамзатқа ғарыштан қызмет етуге бағытталған бастамаларын қамтитын Ұлттық ғарыштық стратегияны іске қосуды жоспарлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды