|
Кеше халықаралық мешіт күні болды
|
Кеше, яғни, тамыз айының 21-і күні Ислам конференциясы ұйымының ұйғаруымен Халықаралық мешіт күні және палестиналықтармен ынтымақтастық күні атап өтілді. Мұндай шешім 1969 жылдың тамыз айының 21-і күні әл-Ақса мешітінің жөйттер қастандығынан отқа оранғанына бір жыл толуына орай қабылданған еді. Сол өрттен аталмыш мешіттің оңтүстік-шығыс бөлігі түгелдей жанып кеткен болатын. Соның кесірінен мың жылдық тарихы бар, ағаш пен піл сүйегінен жасалған мінбер де жанып кеткен еді. Осы оқыс оқиғадан кейін 24 мұсылман елінің дін жетекшілері мен мемлекет қайраткерлері Біріккен Ұлттар Ұйымына шағым түсірген еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды