|
Кез келген сәтте 7 млн мигрант лап беруі мүмкін
|
Еуроодақ шекарасына таяу маңда 7 млн-ға тарта мигрант кез келген сәтте, титтей мүмкіндік туған тұста ЕО аймағына енуге дайын тұр. Бұл жайында немістердің Bild мерзімді басылымы хабарлады. Арнайы қызметке сілтеме жасаған аталған ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, жақын уақытта тропикалық Африкадан келетін босқындар легі шамамен 5,9 миллион адамды құрауы мүмкін. Алайда, сарапшылардың бұл есебі, Еуропарламент төрағасы Антонио Таянидің пікірінше, қате - мигранттар қарасы бұдан да көп болуы ықтимал. "Егер біз Африка елдерінің негізгі мәселелерін шеше алмасақ, онда 10 жыл ішінде 10, 20, тіпті, 30 млн мигрант келуі мүмкін",- деп мәлімдеді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды