Короновирустың жасанды вирус екеніне тағы бір дәлел табылды
Короновирустың жасанды вирус екеніне тағы бір дәлел табылды
3 жыл бұрын 8712 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Короновирус – қолдан жасалған жасанды вирус – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/koronovirus-qoldan-jasalgan-jasandy-virus-zertteu-15294/#gsc.tab=0) материалымызда пандемияға себеп болған жұқпалы індеттің шығу тегіне қатысты еуропалық ғалымдардың дәлел-дәйегін келтірген болатынбыз. Бұл жолы америкалықтар ғалымдар да тәжді тажалдың жасанды вирус екенін дәлелдейтін айғағын келтірмекпіз. Бұл жайында islam.kz порталы Берклидегі Калифорния университетінің физика профессоры Ричард Мюллердің және дәрігер Стивен Куэйдің The Wall Street Journal мерзімді басылымында жарық көрген бұл тараптағы мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдардың жазуынша, COVID-19 қоздырғышынан табиғи коронвирустан табылмаған генетикалық із байқалған. Америкалық ғалымдар вирустың зертханадан шыққаны турасындағы гипотезаның ғылыми негізі барын алға тартып отыр. Ішінара алсақ, олар табиғи короновирустан табылмаған SARS-CoV-2 вирусының генетикалық ізіне үңілуді ұсынып отыр. Мақалада айтылғандай, микробиологтар табиғи вирустың геніне айрықша тізбек үстеу арқылы өлімге апаратындай қауіпті еткен. Алайда, табиғи вирусқа манипуляция жасалғанынан із қалмайды, яғни, айғақ қалдырмайды, осылайша вирустың құрылымын өзгерту арқылы құрбандығының жасушасына оңай енуіне жол ашқан. 1992 жылдан бері кем дегенде 11 мәрте жекелеген тәжірибе жүргізіліп, арнайы тізбекті үстеген, нәтижесінде шектен тыс белсенді вирус пайда болған. Сарапшылар SARS-CoV-2 вирусынан жұғу қатерін жоғары әрі өлім қаупін жоғары ету үшін CGG-CGG комбинациясында гендік тізбекті аңғарған. Мамандардығң айтуынша, табиғи вируста өте сирек кездесетін ген тізбектілігі өз кезегінде зертханадан шыққанын қадағалауға мүмкіндік беретін өзінше маяк. SARS немесе MERS табиғи короновирустарында мұндай тізбектілік жоқ. Ғалымдар тағы бір айғақ ретінде SARS және MERS вирустарымен салыстырғанда SARS-CoV-2 вирусының генетикалық әралуандылығын алға тартып отыр. «Ол екеуінің тегі табиғи екені расталған; вирустар жұқпалы сипат алғанша адамар арасында шапшаң эволюцияға ұшыраған болатын. COVID-19 вирусында мұндай болған жоқ. Ол адамға бейімделген, мейлінше агрессиялық сипатта пайда болды. Пайда болғанына бірнеше ай өтсе де ол елеулі мутацияға ұшыраған емес, Англияда алғаш рет өзгеріске ұшырағанша»,- деп жазыпты америкалық ғалымдар. Олардың айтуынша, вирустың адамға бейімделу кезеңі ұзаққа созылуы тиіс – жаппай таралуы үшін. Ғалымдар ғылымда мұндай нәтижеге қол жеткізудің жалғыз ғана жолы барын тілге тиек етті: табиғи эволюцияны моделдеу әрі вирусты адам жасушасында барынша тиімді болғанша өсіру.

Осы орайда Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері тәжді таалдың шығу тегін анықтау мақсатында Ухан қаласына наурыз айының соңында барып қайтқанын айта кетпекпіз. ДДСҰ мамандары бұл тараптағы баяндамасында вирустың зертханадан шықпағыны жөнінде қорытындыға келген болатын.

Ұқсас материалдар:

«Короновирус – қолдан жасалған жасанды вирус – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/koronovirus-qoldan-jasalgan-jasandy-virus-zertteu-15294/#gsc.tab=0);

«Тәжді тажал індетін жұқтырғанымен оның белгісі қандай адамдарда білінбейтіні белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tajdi-tajal-indetin-juqtyrganymen-onyn-belgisi-qandai-adamdarda-bilinbeitini-belgili-boldy-13643/#gsc.tab=0);

«Тәжді тажалдың осал жері белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tajdi-tajaldyn-osal-jeri-belgili-boldy-13625/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат