|
Күллі әлем бойынша тағы екі млн адам жұмыссыз қалады
|
Биыл күллі әлем бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға дейін өседі. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық еңбекті қорғау ұйымының жыл сайынғы баяндамасында келтірілген деректерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы жаһандағы жұмыссыздық көрсеткіші 5,1 пайызға жеткен болатын (2022 жылы бұл тараптағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 пайыз төмен құлдыраған). ХЕҰ мәліметінше, биыл тағы екі млн адам екі қолға күрек таппай сенделіп қалады. Аталмыш баяндамада өткен жылы табысы жоғары елдерде жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды, ал табысы төмен елдерде 5,7 пайызды құрағаны атап көрсетілген. ХЕҰ, сондай-ақ, бейресми жұмыспен қамтылғандар қарасы әлемдік жұмыс күшінің шамамен 58 пайызын құрайтынын алға тартып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды