Əлем: Қадір түнінің құрметіне 1000-нан аса адамға рақымшылық жасалды
Əлем: Қадір түнінің құрметіне 1000-нан аса адамға рақымшылық жасалды
9 жыл бұрын 3082

Түркіменстанда қасиетті Рамазан айында болатын Қадір түнінің құрметіне түрмеде жазасын өтеп жатқандардан 1000-нан аса адам бостандыққа шығарылды. Нақтырақ айтқанда, бұл елдің 1061 азаматы мен шетелдік 10 азаматқа бостандық беріледі. Ел президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов тиісті жарлыққа қол қойып, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен Ұлттық қауіпсіздік министріне арнайы пәрмен беріп, рақымшылық жасалғандарға Ораза айтты өз үйлерінде, отбасымен бірге қарсы алуына жағдай жасауын тапсырды. Айта кетейік, бұрын Түркіменстан президенті бұл мемлекетте түрмедегілердің саны 10000 адамнан аспайтынын мәлімдеген болатын.

 

АРКТИКА МҰСЫЛМАНДАРЫ 23 САҒАТ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ

E-ISLAM

Канаданың Нунавут елді мекенінің халқы климаттың суығы мен рамазан айына қарамастан, жаппай бірлесіп мешіт тұрғызуда. Олар бұл жылғы рамазанда 22-23 сағат ауыз бекітеді әрі жұмысқа кедергі келтірмейтін үйреншікті жағдай екенін айтады.

Нунавут елді мекенінің Ислам ұйымының бас хатшысы Мұхамед Хасан: «Жергілікті халық бір тәулік бойы ораза ұстайды. Климаттың салқындығына қарамастан олар күні бойы тірліктерін тоқтатпайды. Алғашында 23 сағат ораза ұстау мүмкін емес болып көрінетін. Ал, қазір Алланың қалауымен бұл үйреншікті жағдай болып кетті», деді.

Атап кетсек, Канаданың солтүстігінде орналасқан Нунавут елді мекенінеде кейде күндізгі уақыт 24 сағатқа дейін созылады. Жергілікті халық қандай да бір діни мекерелер мен намаз уақыттарын Мекке уақытымен байланыстырып отырады.

 

Ауғанстандағы мешітте жарылыс болды

Шілде айының 14-і күні Ауғанстанның шығысында орын тепкен Хост қаласында теракті орын алып, жарылыстан 30-дан аса адам опат болды. Олардың 12 – балалар. Дәлірегі, мина қойылған көліктің рөлінде отырған жанкешті әскери базаның блокпостында өз-өзін жарып жіберген. Сонымен қатар, елдің солтүстігіндегі мешіт маңында тағы бір жарылыс болып, жамағаттан 25 адам қаза тапқан. Ел астанасы – Кабул шаһарында да екі жарылыс орын алды. Бір тәуірі, адам шығыны жоқ. 

 

Тұзақ ретінде пайдаланылған әйел екінші рет зорланды

Үндістанның батысында 17 жастағы бойжеткеннің (аты-жөні айтылмаған – ред.) белгісіз екі жігіт қалта телефонын алып қоймай, зорлап кеткен. Артынан олар бойжеткенді зорлаған сәттерін телефонға түсіріп алғандарын айтып, ақша талап еткен. Жәбірленуші полицияға шағымданады. Полиция қылмыскерлерді қолға түсіру үшін бойжеткеннің өзін тұзақ ретінде пайдаланбақ болады. Яғни, бойжеткеннен ақша алатын сәтте қылмыскерлерді қолға түсірмекші болады. Бұл жайында «Mirror» ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, тәртіп сақшылары дер кезінде келіп үлгермегендіктен қылмыскерлер ақшаны алып қоймай, бойжеткенді екінші мәрте зорлап кеткен. 

0 пікір
Мұрағат