Зорлық пен педофилия үшін түрмеге отырғандар Қазақстанға кіргізілмейтін болады
Зорлық пен педофилия үшін түрмеге отырғандар Қазақстанға кіргізілмейтін болады
9 жыл бұрын 2365

ҚР ІІМ өкілдері оқушылардың сексуалдық өмірі жайлы әңгімелеріне бас қатырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы кеше Астанада зорлыққа, оның ішінде кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықпен күрес бойынша өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы айтты. 

"Жасыратын несі бар, бізде бүгінде кәмелетке толмағандардың менталитеті өзгерді. Біздің жоғары сыныптарда оқитын оқушыларымыз, өкінішке орай, жыныстық өмірі жайлы мақтанышпен айтады. Яғни бәрі де осындайдан басталады. Өкінішке орай, жасөспірімдер өздерін аямайды. Олардың ата-анасы бұған мән бермейді. Себебі түсіндіру жұмыстары аз болған", - деді ол.

Кәмелет жасына толмағандардың зорлықшылар мен педофилдердің құрбаны болуы жайлы Игорь Лепеха бірнеше мысалды келтірді.

"Міне, тағы бір жағдай, "Кәмелетке толмаған 16-17 жастағы төрт қыз қонақүйде кәмелетке толмаған жігіттермен бірге спирт сусындарын ішкен. Олардың бірі кейін зорланады. Жалғыз болғаны қайта жақсы. Алайда кәмелетке толмағандардың қонақүйге қалай кіргені алаңдатады, қонақүй әкімшілігі қайда болды және ер адамдармен сусын ішкенде олар не ойлады, несіне сенді сонда?", - деді ҚО ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха брифинг кезінде.

Зорлық пен педофилия үшін түрмеге отырғандар Қазақстанға кіргізілмейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше Астанада зорлыққа, оның ішінде кәмелет жасына толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықпен күрес бойынша брифингте Бас прокурордың орынбасары балаларға қарсы зорлық жасаған қылмыскерлерге қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында айтып берді.

"Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық мәндегі қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату ұсынылып отыр. Екіншіден, біздің ойымызша, мұндай адамдарға жазасын өтіп шыққаннан кейін де әрмен қарайғы бақылауды күшейту қажет. Интернет кеңістігін сексуалдық әрекеттерді және балалар порнографиясын насихаттайтын мәліметтерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет, балалардың осыған ұқсас дүниелері бар Интернеттен байланысын үзу керек. Төртіншіден, шекараларда да жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймыз. Бізге осындай қылмыс жасаған азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар кірмеуі тиіс", - деп мәлімдеді Андрей Кравченко. Сонымен қатар, ол осы айтылған шаралардың қоғам тарапынан белгілі бір қолғабыс болса нәтиже беретінін атап өтті.

Айта кетейік, биылғы маусымда Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев балалардың сексуалдық мәндегі шабуылға жиі ұшырап жатқанына алаңдаушылық білдірген еді. Сол уақытта ол статистиканы келтіріп, балаларға жастайынан төнетін қатердің белең алғанын мәлімдеген болатын. Оның келтірген мәліметіне қарғанда, 2014 жылы 900-ден аса баланың зорлықшылардың құрығына түскен.

1 пікір
  • не деген сумдык,ертенги куни биздин балаларымыз осындай когамда омир суре ме?
    9 жыл бұрын
Мұрағат