Дұға етемін деп, қызметінен қуылды (видео)
Дұға етемін деп, қызметінен қуылды (видео)
9 жыл бұрын 5138

Мысыр билігі ел астанасы - Каир қаласындағы Амр ибн әл-Ас мешітінің имамы әрі шейх Мұхаммед Жибрилді Қадір түнінде айтқан дұғасы үшін қызметінен қуды. Имам тарауық намазынан кейін: «О, Алла, қанымызды төгіп, балаларымызды жетім қалдырғандарды жазала. О, Алла, «Перғауын сиқыршылары» - тілшілерді жазала. О, Алла, жемқорларды жазала. Әділетсіздік істегендерді жазала. О, Алла, баспанамызға қол сұққандарды жазала. Тирандар мен жәбір көрсетушілерді жазала. Қалтасын ойлайтын шейхтерді жазала»,- деп дұға еткен екен. Шейх дұғасында ешкімнің атын атап, түсін түстемесе де, оның бұл дұғасы билік тізгінін ұстап отырғандарға ұнамай қалған. Олар бұл дұғаны өз аттарына айтылып жатқандай қабылдап, имамды қызметінен қуды. Дәлірегі, уақыптар министрі Мұхаммед Мұхтар Гумаа шейхтың қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Ол ол ма, оның үстінен осы дұғасы үшін қылмыстық іс қозғады.  

3 пікір
  • катырган екен,менин ойымша одан да акырындап адамдардын журегине жол тауып,шамасы жеткенше баскалардын иманын куткаруга сеп болганы жаксы еди.ал орнынан куылды,не болды,ешкимге пайдасы тимеди,кур боска исламга кир келтирип.
    9 жыл бұрын
    • Жазылғандай ешкімнің атын атамаса не мақсатпен жазаламақ? Және исламға еш кір келтірмеген ғой. Аталған жаман пиғылды адамдарды жақтасақ та, жақтамасақ та Раббымыз қаласа жазалайды. Аллаһым һидаят нәсіп етсін соларға жәрдем ететін пенделерге.
      9 жыл бұрын
  • Турасын айтсаң, туғаныңа жақпайсың. Төле би.
    9 жыл бұрын
Мұрағат