|
Маймылдар діни қызметкерді таспен атқылап өлтірді
|
Үндістанда маймылдар Мунна Мирша есімді ғибадатхана қызметкерін үйінің шығаберісін тазалап жатқан кезінде таспен атқылап өлтірді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Маймылдар діндарға тас боратқан. Ер адам ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.
Үндістан билігі бұл оқиға маймылдардың адамға жасаған алғашқы шабуылы емес екенін мәлімдеп отыр. Соңғы уақытта үш адам олардың құрбанына айналыпты, деп хабарлайды жергілікті «Express» басылымы.
Жергілікті билік діндардың өлімінен кейін маймыл аулауды бастау туралы шешімін қабылдады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады