|
МӘСКЕУ МЕШІТІ ҰРЫЛАР ТАҚТАСЫН ОРНАТАДЫ
|
Жуық уақытта Мәскеу орталық мешітінде құлшылық үйінде ұрлық жасаған адамдардың суреттерін ілуге арналған тақта орнатылады. Соңғы кезде мешітте ұрлық әрекеттерінің көбеюіне байланысты мешіт имамы Ильдар Аляутдинов осындай бастама көтерді. Мешіт әкімшілігі ұрылардың ұятын ашатын тақта алдағы уақытта жеңіл жолмен табыс тапқысы келетін адамдардың барлығына ой салатынына сенімді. Аталмыш тақталар ер және әйелдердің дәрет алатын бөлмелерінде орнатылмақ. Онда бақылау бейнекамераларына түскен ұрылардың суреттері ілінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды