|
Мекке губернаторының мәлімдемесі
|
Қасиетті Мекке шаһарының губернаторы әрі киелі екі мешіт қамқоршысының кеңесшісі, ханзада Халид әл-Файсал Харам мешітіне кіргісі келетіндерді ұлтына, жынысына, азаматтығына қарап, алаламайтынын жеткізді. Мекке басшысы осылай деу арқылы араб елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында таралып кеткен қауесетті жоққа шығарды. Яғни, "саудиялық күштік құрылым қызметкерлері катарлық қажыларды аталған мешітке кіргізбей қойды" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Катарлық адам құқығы жөніндегі комиссия азаматтарының шағымын қараған болатын. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Ханзада қажылық парызын өтеуге келгендерге барынша жағдай жасайтынын тағы бір мәрте айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды