|
Мемлекет деңгейінде шариғат шәлісіне тыйым салынбайтын болды
|
Кеше Еуропалық соттың шариғат шәлісіне тыйым салатынын қарастыратын қарар қабылдағаны турасында хабар таратқан едік. Яғни, жұмыс берушінің еркіне қалдырған болатын - жұмысшыларына шариғат шәлісін жамылуға рұқсат беретінін немесе бермейтінін.Осыған байланысты Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй ел аумағында шариғат шәлісін жамылып жүруге мемлекет деңгейінде тыйым салынбайтынын мәлімдеді. "Елімізде әркімнің өз-өзін көрсетуге толық еркіндік берілген. Бұл ондаған жылдар бойына дәстүрге айналып үлгерді. Бұл тақырыпта ешқандай заң жобасын қабылдауға ниетіміз жоқ. Жекелеген институттар неге тыйым салатынын өздері шешеді. Кім нені киетінін қадағалау - үкіметтің міндеті емес",- деді ол мәлімдемесінде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды