|
Мемлекет қабірмен айналысып жатыр
|
Тәжікстан билігі ел аумағындағы қабірлерді реттеу шараларын қолға ала бастады. Sputnik ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, осы мақсатта үкімет қаулысы қабылданған. Қабірді күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі мақұлданған ресми құжатқа сәйкес қабірдің ұзындығы екі метрден, ал ені бір жарым метрден аспауы тиіс. Сондай-ақ, биік құлпытас орнатуға тыйым салынған. Оның де мөлшері белгіленген: құлпытас биіктігі бір жарым метрден, ал ені бір метрден аспауы тиіс. Сонымен қатар, құлпытас қалыңдығы 10 сантиметр болуы қажет. Қолданысқа енген аталмыш ереже талаптарының сақталуын Тәжікстан үкіметі жанындағы комитет өкілдері мен жергілікті билік қадағалайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды