|
Месут Өзілдің қажылығы оңшылдардың шамына тиді
|
Әлемге әйгілі аяқ доп шебері, немістердің «Арсенал» футбол клубында ойын өрнегін көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы Месут Өзіл жуырда кіші қажылыққа барып келген болатын. Алайда, оның қасиетті сапарын «Германия баламасы» деп аталатын аты-шулы ультра оңшыл партиясының мүшелері жақтырмай, шу шығарды. Месуттың қажылығына қатысты дау футболшының әлеуметтік желіге қажылықта түскен фото-суретін салғанынан кейін басталды. Аталмыш популистік партияның саксондық бөлімшесінің жетекшісі Андрей Керстен "Die Welt» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында мұсылман спортшының қажылығын «патриотизмге қарсы қадам» деп бағалып, наным-сенім бостандығын жоғары қоятын демократиялық құндылыққа қайшы мәлімдеме жасады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды