|
Монғолия да халал ет экспорттауға көшеді
|
Моңғолиядадағы ет дайындау зауытының 30 қызметкері халал стандарты бойынша өнім өндіру құқығын растайтын сертификатқа ие болды. Олардың қолына тиісті құжатты арнайы курстен өткеннен кейін Түркияның стандарттау жөніндегі институты ұстатты, Аталмыш институт беретін сертификат әлемнің 39 елінде жарамды және бұл өз кезегінде өздерінде өндірілген ет өнімдерін Таяу Шығыс пен Сауд Арабиясына экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл жайында «CA-News» ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, Моңғолия тұрғындарының дені будда наным-сенімінде. Мұсылмандар халықтың тек 3 пайызын ғана құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады