|
Мұсылман еместер шариғи үкім бере алады ма?
|
Малайзияның федералды апелляциялық соты мұсылман еместерге де мұсылмандармен қатар шариғи үкім шығаруға рұқсат беру турасында заңгерлердің өтінішін қарастырды. Заңгер Сайрус Дас сот алқасының алдында 1993 жылы қабылданған заңға сәйкес шариғатты жетік білетін мұсылман еместердің шариғи үкім шығаруына рұқсат беретінін алға тартты. Бұл жайында Free Malaysia Today ақпарат көзі хабар таратты. Сот төралқасы қорғаушы Сайрус Дастың мұсылман еместердің де шариғи үкім беруіне қатысты мәлімдемесін тыңдады: «Заңда діни наным-сенімі бойынша емес, академиялық квалификация турасында айтылған». Айта кетейік, өткен жылы бұл елде әкесі басқа наным-сенімде, анасы өзге діндегі ерлі-зайыптыларға бала асырап алуға рұқсат етілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды