|
Мұсылмандар отбасымен далада қалған священникке қолұшын созды
|
Өрттің салдарынан үйі жанып, далада қалған священник пен оның үйелмелі-сүйелмелі балаларына мұсылмандар қолұшын созды. Нақтырақ айтқанда, Уфа қаласының тұрғыны, он баланың әкесі уақытша баспанаға орналасты. Әлеуметтік желіде священниктің отбасына көмектесу турасындағы өтініш бойынша екі күннің ішінде 1,5 млн рубл қаржы жиналды. «Мұндай қуатты көмек келерін күтпеп едік. Ешуақытта өзімізде болып көрмеген қаражатқа ие болдық...» - деді Сергей тілшілерге берген сұхбатында. Жылу ретінде жиналған бұл қаражатқа баспана тұрғызып алатын болды. Башқұрстан мұсылман жамағаты православ священнигінің отбасына да қаржы жинастырып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды