|
Мұсылмандардың әскери одағы өз жұмысын бастады
|
Сауд арабиясында коалиция тарихында тұңғыш рет ислам әскери одаққа мүше мемлекеттердің басшылары бас қосты. Айтулы кездесуде Саудияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман әл Сауд аталмыш коалицияның өз жұмысын бастағанын ресми түрде жария етті. Аталған одақ терроризмнің кез келген түрімен мұсылман елдерінің әскери, саяси және қаржылай күш біріктіруі арқылы күресуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл одаққа 41 мемлекет мүше екенін айта кету керек. Бұл, әлбетте, үлкен күш. Тағы бір айта кететіні, құрылуы туралы бастама 2015 жылы көтерілген бастамадан шииттік елдер тыс қалған болатын. Атап айтқанда, Иран, Ирак, Сирия бұл одаққа мүше емес. Катар да араб елдерінің байкот жариялауына байланысты бұл одақтың жұмысынан шет қалып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді