|
Америкалық 4 компания жолаушылардың арықтағанынан жылына 580 млн доллар үнемдейтін болды
|
GLP-1 ккласына жататын, артық салмақтан арылуға көмектесетін дәрінің тиімділігін тек семіздіктен зардап шегетін пациент қана емес, ел экономикасы да көретін болады. Соның ішінде авиация саласы да бар: жолаушылардың орташа салмағын 10% -ға төмендету Америка құрама штаттарының төрт ірі әуе компаниясына жылына 580 млн долларға дейін үнемдеуге көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы The Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде Boeing 737 Max 8 бортындағы 178 жолаушының орташа салмағының 10% -ға төмендеуі ұшақтың ұшу салмағын 2% -ға азайтуға мүмкіндік беретіні, бұл отынға жұмсалатын шығындардың азаюына әкелетіні айтылған. Әуе компаниялары борттардың салмағын төмендету үшін кез келген шараларға баруда – зәйтүн жемісін тағам құрамынан алып тастаудан бастап жеңіл ыдыстарды пайдалануға дейін. United Airlines борттық журналды неғұрлым жіңішке қағазға басып шығара бастағанда, отынды үнемдеу көрсеткіші жылына 300 мың долларды құраған. Әуе компаниялары Таяу Шығыста қарулы қақтығыс басталғаннан кейін тарифтері күрт көтерілген коммерциялық жүктерді тасымалдау үшін босаған масса резервін пайдалана алады. Дегенмен, трендтің кері жағы да бар - салмақ жоғалтуға арналған дәріні қабылдайтын адамдар бортта бұрын тасымалдаушыларға айтарлықтай қосымша пайда әкелетін тағамдар мен содаларды аз сатып алатын болады.