Үндістан үкіметі парламентке мұсылмандардың әйелімен тиісті құжаттарды рәсімдемей ажырасуына тыйым салатын заң жобасын жолдады. Бұл туралы Reuters порталы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
|
Мұсылмандарға мессенджер арқылы ажырасуға тыйым салынады
|
Бұл елде исламнан хабары шамалы ерлер Whats App немесе Skype арқылы зайыбына "талақ" айтып, ажырасуды әдетке айналдырған болатын.
Әйелдер бұлай ажырасу олардың құқығын таптайды деп есептейді. Сонымен қатар, ажырасқаннан кейін ақша жеткізе алмай, қиналатынына шағымданды. Олар жоғарғы сотқа «егер ажырасу ресми түрде рәсімделмесе, онда оны заңсыз деп есептеу керек» деген арыз жазды.
Егер мессенджер арқылы ажырасуға заңды түрде тыйым салынса, онда бұл заңды бұзған ер адамдар үш жылға бас бостандығынан айрылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды