Мысыр мен БАӘ тараптары Мысырдың солтүстік жағалауында жаңа қала салу туралы келісімге қол қойды
Мысыр мен БАӘ тараптары Мысырдың солтүстік жағалауында жаңа қала салу туралы келісімге қол қойды
3 ай бұрын 639 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр мен Бірікен Араб Әмірліктерінің билік өкілдері пирамидалар елінің солтүстік жағалауында (Жерорта теңізі) жаңа қала құрылысына қатысты келісімге келді. Мұндағы мақсат туризм секторына серпін беруге, инвестиция тартуға және валюталық қорды арттыруға саяды. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мысырдың тұрғын үй министрі Асем әл Ғазар мен БАӘ инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Суайд қол қойған аталмыш келісім Александриядан батысқа қарай 170 шаршы метр аумақты құрайтын Рас-әл-Хикманы дамытуды көздейді. Мысыр премьер-министрі Мұстафа Мадбули бұл жобаны Мысырдың жаңа қалалық қауымдастықтар басқармасы мен Abu Dhabi Development Holding Company (Абу-Даби даму холдингі) жүзеге асыратынын және екі ай ішінде экономикаға 35 миллиард доллар мөлшерінде тікелей шетелдік инвестиция тартылатынын мәлімдеді. Осылай деген ол БАӘ 8 млн турист тартуы мүмкін атталмыш жобаға кем дегенде 150 млрд доллар инвестиция құятынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат