|
Мысырда жаңа астана салынады
|
Египетте жаңа әкімшілік астанасы салынады. Қаланы белгілі China Fortune Land Development Company Қытай корпорациясы тұрғызбақ.
Жобаның жалпы құны 45 миллиард долларды құрайды. Жаңа қала Египеттің қазіргі астанасы Каирден 50 шақырым қашықтыққа бой көтереді.
Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңінде 14 әкімшілік ғимарат бой көтереді. Бұдан бөлек, қалада әртүрлі көрмелер мен жәрмеңкелерге арнайы аймақ бөлінеді, сондай-ақ Африкада ең ірі саналатын 5 мың адамға арналған конгресс-орталық та салынады.
57 мың шақырым қашықтықты қамтитын аумаққа тұрғын үйлер, кеңселер мен басқа да инфрақұрылымдар тұрғызылады. Жоспарға сәйкес, қала 5 миллионға дейін тұрғынға есептелген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды