|
Неке көйлегін киген қалыңдықты Харам мешітіне кіргізбеді. Неге? (видео)
|
Саудия билігі қасиетті Мекке қаласындағы Харам мешітіне неке көйлегін киген қалыңдықты кіргізбеді. Тарқатып айтқанда, аталған құлшылық үйінің күзетшілері корол Фаһда қақпасынан енбек болған қалыңдықтың жолын бөгеді. Күзетшілер басшысы оған абай (араб әйелдерінің дәстүрлі киімі) ұсынып, жас жұбайлардан ғафу өтінді. Оған қалыңдықтың неке көйлегі исі мұсылманның бесігі болған Харам мешітінің мәртебесіне сай келмейтінін айтып түсіндірді. Белгілі болғандай, қалыңдық Мысырдан келген. Сауд Арабиясында тұрмысқа шығап, сүйіктісінен Харам мешітінде кездесуді өтініп сұраған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды