|
ОПЕК-ке мүше елдердің шикізат экспортынан түсетін табысы төмендеді
|
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының шикізат экспортындағы табысы соңғы 11 жылдағы ең төмен көрсеткішке түсті. Бұл туралы khabar.kz хабарлады.
Жалпы ұйымға мүше бүкіл ел былтыр әлемдік нарықта сатқан қара алтыннан 446 миллиард доллар пайда көрген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 13 пайызға кем. Ал 2016 жылы ұйымға мүше елдер арасында экспорттық табысын көбейткен жалғыз мемлекет Иран болған. Оның табысы 1,5 есе өскен.
Былтырғы жылдың аяғында ОПЕК және осы ұйымға кірмейтін бірқатар ел жарты жылға мұнай өндірісін азайтуға келіскен. Мамыр айында келісім мерзімін тағы да 9 айға ұзартты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады