|
Освенцим лагерінде қарауыл болған 93 жастағы қария 300 мың адамды жер жастандырыпты
|
Германияның Ганновер қаласында 300 мың адамды өлтіруге қатысты деген айыппен Оскар Гренинг деген ақсақал сот алдында жауап беретін болды. Бұл жайында nur.kz сайты BAQ.KZ ақпарат көзіне сідтеме жасай отырып, хабар таратты.
Қария өз заманында әйгілі Освенцим лагерінде жұмыс істеген. Оған 300 мың адамның өліміне қатысы бар деген айып тағылды. Осынау қаза тапқандар қатарында 1944 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында өлім лагеріне айдалғандар да бар.
Прокурордың айтуынша, Гренинг жұмысқа жарамай қалған еврейлерді газбен улап өлтіру камераларына кіргізуге саналы түрде атсалысқан.
Люнебург қаласында сәуір айында өтетін сот процесіне сол Освинцем лагерінің көзі тірі 55 құрбаны мен қайтыс болғандарының туыстары қатысатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды