Отбасын құрғысы келетіндерге генетикалық сәйкестігін шарт етіп қоюды ұсынды
Отбасын құрғысы келетіндерге генетикалық сәйкестігін шарт етіп қоюды ұсынды
3 ай бұрын 760 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Башқұртстанда отбасын құрғысы келетіндерге азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесіне өздерінің генетикалық сәйкестігі туралы анықтаманы ұсынуды міндеттейтін талап енгізуді ұсынды. Бұл шара болашақта дені сау ұрпақ әкелуі үшін қарастырылуда. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай тосын бастаманы мемлекеттік ассамблеяның денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Салауат Харасов көтерді. Оның мұндай қадаға баруына соңғы жылдары тұқым қуалайтын аурулар мен ауытқулардан зардап шегетін балалардың, туабітті ақыл-есі кем балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың көптеп дүниеге келгені себеп болған. Десе де бұл бастаманың нақты өмірде көрініс табатынына күмәнмен қарайтын депутатттар әдеп тұрғысынан да аталған ұсыныстың ерсі көрінетінін жасырмады. Г. В. Плеханов атындағы ресей экономикалық университетінің «Адам ресуртарын басқару» жөніндегі Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палатасының базалық кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Людмила Иванова-Швец ұрпақ өрбіту секілді адамның табиғи құқығына құрметпен қарауды ескеррте келе жүктілік кезінде құрсақтағы шарананың бойынан қандай да бір ақау анықталса, түпкілікті шешімді дәрігерлер емес, ата-ана қабылдайтынын алға тартты. Сарапшылар баланың туабітті кеселмен дүниеге келеуіне тек тұқым қуалайтын аурулар ғана емес, сонымен қатар, экологиялық ахуал, ата-анасының өмір сүру салты, т.б. факторлар да әсер ететінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат