|
Өткен аптада Пайғамбар (ﷺ) мешітінде 6 млн-нан аса адам құлшылық етті
|
Өткен аптада қасиетті Мәдина қаласындағы Пайғамбар (ﷺ) мешітінде 6 млн-нан аса адам намаз оқыған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде GulfNews ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, исі мұсылман қастер тұтатын әрі маңызы жағынан Меккедегі Харам мешітінен кейінгі орында тұрған ғибадат ғимаратында айналдырған бір аптаның ішінде 6,3 млн мұсылман, соның ішінде екі әлем сардары Мұхаммед Мұстафаның (ﷺ) қабірі орналасқан әр-Рауда аш-Шәріпте 127 мыңнан астам адам намаз оқыған. Осы орайда биылғы ұмра мауысымында 10 млн-ға тарта адам кіші қажылыққа келетінін айта кету керек. Бұған қоса, әр-Рауда аш-Шәріпке қажылар алдын ала жазылу арқылы кіре алатынын ескертеміз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды