Өзбекстанда жасы 21-ге толмағандарға ішімдік пен темекі сатуға тыйым салынды
Өзбекстанда жасы 21-ге толмағандарға ішімдік пен темекі сатуға тыйым салынды
2 жыл бұрын 1245 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: svetvest.ru

Өзбекстан президенті Шапқат Мірзей алкоголді ішімдік пен темекі өнімдерін жасы 21-ге толмаған азаматтарға сатуға тыйым салу қарастырылған заң жобасына қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы UzDaily.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңның кіріспесінде бұл шара азаматтардың, ең алдымен, 21 жасқа толмағандардың денсаулығын алкоголді және темекі өнімдерін пайдаланудың зиянды әсерінен, онымен байланысты әлеуметтік және өзге де жағымсыз салдардан қорғауға, сондай-ақ, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруға, оның құқықтық негіздерін қалауға мән берілетіні айтылған. Сондай-ақ, қабылданған заң талаптары бойынша дүкендердегі өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен, стационарлық нысандардан тыс жерде, сауда автоматтары, электронды коммерция (көпірме және табиғи шараптарды қоспағанда) арқылы өнімдерді сатуға тыйым салынады. Бұдан бөлек, шылым шегуге тыйым салынған қоғамдық орындардың тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, сауда және қызмет көрсету нысандарында, сондай-ақ, жаппай демалуға арналған барлық жабық нысандарда шылым шегуге тыйым салынады. Билік тарапынан мақұлданған заң мәтіні жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң, дәлрегі, тамыз айының 25-і күні қоданысқа енеді енеді.

0 пікір
Мұрағат