|
Пәкістан сүңгуір кемеден қанатты зымыранды ұшырды (видео)
|
Пәкістанның әскери-теңіз күштері 450 шақырым қашықтыққа дейін ұшатын қанатты зымыранды ұшырды. Дәлірегі, сүңгуір кемелердің бірінен ядролық оқтұмсықты тасымалдауға қабілетті Babur -3 зымыраны ұшырылды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Babur-3 зымыраны Пәкістанның көрші жатқан Үндістанның ядролық қатерін сейілтуге, дәлірегі, тежеп ұстауға арналған қаруы. Пәкістан әскери-теңіз күштерінің бұл операциясына, яғни, қанатты зымыранды ұшыруына таяуда Үндістанның 5000 шақырымнан аса қашыққа ұшатын Agni-V баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгені себеп болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды