|
Премьер-министр үйін босатып беруге әзір
|
Финляндия премьер-министрі Юха Сипиля өзінің жеке меншігіндегі үйін Еуроодақтыңөзге елдеріне үлгі болуы үшін миграттарға босатып беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайында nur.kz сайты «ВВС» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Сипиляның айтуынша, Кемпеледегі оның үйі босқындарға пана болуға жарайды. Осы мәлімдемесі арқылы премьер-министр финн халқын мұқтаж жандарға бейжай қарамауға шақырды.
Бұған дейін, Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Ференц Дьюрчань босқындарды өз үйіне шақыратынын айтып, алғашқы келушілерді қабылдап жатқанын жазған.
Жыл басынан бері Финляндияға 7 мың босқын келіп, саяси баспана сұрады, олардың дені Ирактан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды