|
Пұтқа табынушылар кітапхана қорына бай ислами мектепті өртеді (видео)
|
Әлеуметтік желіде осыдан бірер күн бұрын орын алған үнді радикалдарының тағылық әрекеті сынға алынып, қатаң айыпталып жатыр. Исі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында Рам Науами пұтының құрметіне шеру өткізген тобыр мұсылмандарды балағаттап, ислами ғимараттарға от қойған. Бұл жайында islam.kz порталы aljazeera.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсіресе, тарихи тамыры тереңде жатқан, кітап қорына бай «Азизия» ислам мектебін от қойып, өртеп жіберген. Бихар штатында болған бұл сорақылықтың салдарынан осынау ислами мектеп ашылғалы бері 110 жыл бойы тірнектеп жинақталған 4500 шамасында кітап өртеніп кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды