|
Қажылар үшін әлемнің 70 тілінде 420 аудармашы қызмет етеді
|
Сауд Арабиясының умра және қажылық рәсімдері жөніндегі қайырымдылық ұйымы шет елдерден келген қонақтарға қолайлылық жасау мақсатында аудармашылар қосынын құрып отыр. Келген діни басшылар мен жауапты тұлғалардың, дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бұл жоба аясында әлемнің 70 тілінде тәржіма жасайтын 420 аудармашы қызмет атқарады.
Ұйымның бас директоры Мансур әл-Амирдың айтуынша, оның қызметкерлері тек тәржімамен ғана айналысып қоймай, түрлі міндеттерді де атқарады. Қажыларға тамақ таратуды да ұйым мүшелері өз мойындарына алған көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды