|
Қасиетті айдың келіп қалғанын естеріне түсіру үшн ішімдік құйылған 100 мың шөлмекті таптады (фото)
|
Индонезия полициясы былайғы жұртқа сабақ болуы үшін және қасиетті айдың жақын қалғанын адамдардың естеріне түсіріп қою үшін ел көзінше ішімдік құйылған 100 мың шөлмекті трактормен таптады. Бұл шара Ява аралындағы ірілігі жағынан екінші орын алатын Сурабая қаласындағы полиция участігінде атқарылды. Яғни, жолды тегістеуге арналған жалпақ табанды ауыр техниканың астында тапталған ішімдіктер заңсыз саудадан арнайы операция кезінде тәркіленген болатын. Бұл жайында жергілікті полиция өкілі Лили Жапар мәлім етті. Сурабая полициясы, сонымен қатар, рейд кезінде табылған есірткінің ірі мөлшерін өртеді.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды