|
Құрғақшылықтан 1000-нан аса фермер өз-өзіне қол жұмсаған
|
Үндістанның батысында соңғы он жыл ішіндегі ең аптапты ыстық орнаған. Өткен жылы жауын-шашынның жылдағы мөлшерінің жартысына да жетпей жауын жауған. Әсіресе, қант құрағын және мақта өсірумен шұғылданатын фермерлер қатты зардап шекті құрғақшылықтан. Тұрғындар ауылдық жерлерден қалаға қарай жаппай ағылуда. Тек қарттар мен балалар ғана қалған. Жергілікті билік 2015 жылы құрғақшылыққа байланысты 1100 фермердің өз-өзіне қол жұмсағанын тіркеген болатын. 216 адам 2016 жылдың қаңтар айынан бастап, наурыздың 21-не дейінгі аралықта өз-өздеріне қол жұмсап өлген. Бұл тығырықтан шығу үшін билік құрғақшылық жайлаған өңірлерге ауыз су жеткізуді қйымдастырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды