Қырғыздар Кемпір-Абад су қоймасын өзбектерге беретін болды
Қырғыздар Кемпір-Абад су қоймасын өзбектерге беретін болды
1 жыл бұрын 6456 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: etleboro.org

Қырғыздар Кемпір-Абад су қоймасын өзбектерге беретін болды. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай шешімді қырғыз парламенті қабылдады. Бұл келісімді мақұлдауға (ратификация) 65 депутат жақтап дауыс берсе, 18-і қарсы шыққан. Кемпір-Абад су қоймасы (өзбектер оны Әндіжан су қоймасы деп атайды), әсіресе, су ресурсы тапшылығы артып келе жатқан климаты қатал Орта азия аймағындағы страгетиялық нысан, Өзбекстан шекарасы маңындағы қырғыз аумағында орналасқан.  Екі ел арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісім жобасына сәйкес аталған су қоймасын су ресурстарын ортақ пайдалану ережелерін сақтай отырып, 19 мың гектар даулы аумақтың орнына Өзбекстанға беру жоспарланған. Алайда, бұл келісімге келіспегендердің наразылық шеруі өтіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат