Биыл бірінші рет тұрмысқа шықпаған қыздар, баласыз әйелдер және жесір келіншектер қажылыққа өз еркімен бара алады. Бұл жөнінде Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Жолдош Абдылдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.
|
Қырғызстанда әйелдерге ерлерсіз қажылыққа баруға рұқсат етілді
|
«Аналардың өтініші бойынша биыл тұрмысқа шықпаған, бала тумаған және жесір 20 қыз-келіншек бірінші рет қажылыққа барғалы отыр», - деді Абдылдаев.
Соңғы кезде Қырғызстанда Меккеге қажылыққа барғысы келетін әйелдер саны артқан. Олардың жасы шамамен 35-60 жас аралығында. Осының алдында әйелдер тек ер азаматтардың немесе туыстарының алып жүруі бойынша қажылыққа баратын.
Биыл Сауд Арабия Қырғызстанға 5400 квота бөлген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 640 орынға артық. Мұсылманның бес парызының бірі үлкен қажылық биыл тамыз айына сәйкес келіп тұр. Оған шілде айында жолға шыға бастайды. Қажылық құны 2850 доллар тұрады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды