Қытай билігі наразылық шеруінде пайдаланылған ақ қағазды сатуға тыйым салды
Қытай билігі наразылық шеруінде пайдаланылған ақ қағазды сатуға тыйым салды
1 жыл бұрын 1119 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Tyrone Siu / Reuters

Қытай аумағында 80 000-нан астам кеңсесі бар M&G Stationery кеңсе тауарлары компаниясы қараша айының 29-нан бастап А4 форматындағы ақ қағаз парақтарын онлайн және офлайн режимінде сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай халық республикасының бұл шешімі кейбір наразылық білдірушілердің ақ қағазды билікке қарсы акцияның белгісі ретінде жаппай қолданып жатқан кезде қабылданды. Аталмыш компанияның қағаз сатпайтыны жөніндегі хабар қытайлық әлеуметтік желілерде тараған ішкі хаттардың бірінде айтылған. Мұндай тыйым «ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау» және «қылмыскерлердің үлкен көлемдегі А4 форматындағы ақ қағазбен заңсыздыққа бармасы үшін пайдалануына жол бермеу» үшін енгізілгенін мәлімдейді. M&G Stationery компаниясының өкілдері де митингілерді айыптап отыр. Осы мәлімдемеден кейін компанияның акциялары бірден 3 пайызға құлдыраған. M&G Stationery бас кеңсесі Шанхай мегаполисінде орналасқан және өз өнімдерін әлемнің 50-ден астам елдері мен аймақтарына сатады. Қазіргі уақытта компания Шанхай қор биржасында тіркелген. Қытайдағы наразылық науқаны COVID-19 жұқпалы індетіне байланысты енгізілген қатаң шектеулерге қарсы басталғанымен артынан саяси реңк алып, мемлекет басшысы Ши Жипиннің биліктен кетуін аталп ете бастаған. Шыңжандағы Үрімші қаласындағы карантин кезінде өрт орын алып, қатаң оқшаулаудан сыртқа шыға алмай қалғандар тірідей жанып кеткен. Кейбір дерек көздерінде 10 адам, ал кей мәлімет бойынша 30 адам осы тілсіз жаудан мерт болған.

0 пікір
Мұрағат