Рамазан айында мұсылмандар Құран оқудан жарысуда
Рамазан айында мұсылмандар Құран оқудан жарысуда
9 жыл бұрын 2720

Нигериядағы мұсылман жамағаты сауапты бастама көтеріп, қасиетті Рамазан айында қасиетті Құран оқудан жарысқа түсті. Яғни, оны кім көп оқыса, кім тезірек оқып аяқтаса оған сыйлық беріледі. Бұл игі науқаннан балалар да қалыс қалмақ емес. Олар да жарысқа қатысып, жүлдеге қол жеткізе алады. «Отбасымда әйелім екеуміз жұмыс істейміз, біз қасиетті айда Құранды көбіреі оқудан жарыс бастадық»,- деді банк қызметкері әрі екі баланың әкесі Хасан Әбубәкір» OnIslam.net» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. «Өткен жылы ол Құранды үш рет оқып, мені басып озған еді, ал мен Құранды бір рет бастан-аяқ және жартысына дейін ғана оқи алған едім»,- деді ағынан ақтарылған отағасы. Ал Инженер Ибраһим Ишинлокун балаларын қасиетті кітапты оқуға ынталандыру үшін сүрелер мен аяттарды көбірек жаттағандарына сыйлық тағайындағанын жеткізді. «Менің үш перзентім бар, екеуі ұл да, біреуі қыз. Олардың барлығы Алланың қалауымен Құран оқи алады. Рамаза айында біз оларға сүрелерді жаттауға тапсырма бердік. Әрбіреуіне сыйлық беріледі. Ең үздігіне құнды сыйлық беріледі»,- деді ол сөзін сабақтап. Бухгалтер Шәкира қажы Оласумбо тәпсір дәрісіне қатысып жүр Құранды ережеге сай оқуды үйренуі үшін. Есесіне, оның 4 жастағы ұлы сүрелерді жаттаудан біршама жетістікке жеткен.

0 пікір
Мұрағат