|
Рамазанда жұмыс күні қысқарады
|
Қасиетті Рамазан айында Біріккен Араб Әмірлігінде жұмыс күні айтарлықтай қысқарады. Бұл режим тек мемлекеттік секторда ғана емес, сонымен бірге, жекеменшік мекемелерде де жұмыс істейтіндерге қатысты. Еңбек ресурстарының федералды басқармасы Рамазанда жұмыс күнін қысқартуға байланысты тиісті пәрмен берді. Нақтырақ айтқанда, жарлыққа сәйкес қасиетті айда мемлекеттік сектордағылар таңғы сағат 9-дан түскі 14-ке дейін жұмыс істесе, ал жекеменшік мекемелердегілердің жұмыс уақыты кем дегенде екі сағатқа кемітілуі керек. Айта кетерлігі, жұмыс күні қысқарғанымен жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақасы сақталады әрі кемітілмейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады